Дипломатия

Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасарына сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Ар-Рияд, 2024 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков САК Сыртқы істер министрінің протоколдық мәселелер жөніндегі орынбасары Абдулмаджид Әл-Самариге сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған нақты қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Абдулмаджид Әл-Самари Қазақстан Елшісін қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуда зор табыстар тіледі.

 
 

Back to top button
Open chat
Scan the code
Hello
Can we help you?